Кенжебек Жанәбілов: Референдум – пікірімізді білдіріп, ортақ іске үлес қосуға мүмкіндік

«МузАРТ» тобының солисі Кенжебек Жанәбілов Алматыда дауыс берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алматыда референдумға танымал қазақстандық әнші, «МузАрт» тобының солисі Кенжебек Жанәбілов қатысты. Өнер иесі отбасымен бірге «Бәйтерек» халықаралық мектеп-лицейінде орналасқан №512 сайлау учаскесіне келді.

«МузАрт» тобының әншісі референдумға қатысу елінің болашағына алаңдайтын әрбір азаматтың борышы екенін атап өтті.

Біз еліміздің дамуына бірнеше жыл бойы әсер етуі мүмкін шешімдерге немқұрайлы қарамауымыз керек. Референдум – пікірімізді білдіріп, ортақ іске үлес қосуға мүмкіндік, – деді Кенжебек Жанәбілов.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: скрин\rsk.almaty
Өзгелердің жаңалығы