Кенттердегі денсаулық сақтау нысандарының жағдайы сын көтермейді – депутат
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Парламент Сенатының бүгінгі отырысында депутат Рысқали Әбдікеров қала үлгісіндегі кенттердегі әлеуметтік мәселелерді шешу керектігін айтып, депутаттық сауал жолдады.
Ол мұндай елдімекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдардың және білім беру мен денсаулық сақтау нысандарының жағдайы сын көтермейтінін айтты. Бұған мысал ретінде Қарағанды облысында орналасқан ауылдарды тілге тиек етті.
Ресми мәліметтерге сүйенсек, Қарағанды облысындағы 9 қалалық кенттегі инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым желілерінің тозуы орташа есеппен алғанда 63,5 пайызды құрайды. Оның ішінде сумен жабдықтау – 59%, кәріз желісі – 83%, жылумен жабдықтау – 42%, электрмен жабдықтау 70 пайызға жеткен. Мектептер мен ауруханалардың да инфрақұрылымдарының тозу деңгейі шамамен 45 пайыз. Бұл өзекті мәселелерді шешу үшін қомақты қаржы қажет екені түсінікті, – деді Рысқали Әбдікеров.
Сондай-ақ депутат осындай ауылдарда маман тапшылығы, әсіресе, мұғалімдер мен дәрігерлердің жетіспейтіні байқалатынын атап өтті.
Осыған орай сенатор әрбір шағын қала мен қалалық кенттердің ресурстық əлеуетін ескере отырып дайындаған жеке инновациялық даму стратегияларының негізінде салалық мемлекеттік бағдарламаны қайта қарауды және «Ауыл – ел бесігі» жобасын қалалық кенттерге қолдану мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы