Кентаудың экс-әкімі 10 жылға сотталды

Кентау қаласының экс-әкімі Рашид Аюповқа қатысты сот отырысы өтті. Ол 10 жылға сотталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Рашид Аюповты 1997 жылғы редакциядағы ҚР ҚК 177-бабы 4-бөлігінің б. тармағында көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп тануға, осы бап бойынша қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатуға үкім шығарды.

Рашид Аюпов 1997 жылғы редакцияда ҚР ҚК 28-бабының 4-бөлігі, 312-бабының 5-бөлігі көзделген қылмыс үшін кінәлі деп танылсын және осы бап бойынша орташа қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтей отырып, 10 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалсын. ҚР ҚК 41-бабының 3-бөлігі негізінде 1997 жылғы редакцияда мемлекеттік қызметте жеті жыл мерзімге қызмет атқару құқығынан айыру түрінде қосымша жаза тағайындалсын, - деп айтты судья.

Аюповтан мемлекет кірісіне 1 911 теңге сомасында іс жүргізу шығындары және сыбайлас жемқорлық қылмыстарының нәтижесінде алынған 422 млн 800 мың теңге қаражат өндіріп алынады.

Шешім шығарылған соң судья Рашид Аюповке сөз беріп, шешімге қатысты қандай сұрағы бар екенін сұрады.

Шынымды айтсам, мен басқа шешім күттім. Сізге Антикор мен прокуратура қысым жасады деп ойлаймын. Қандай сұрақтар болуы мүмкін? Істі көрдіңіздер, шындыққа сай келмеді. Мен шешіммен келіспеймін, - деді Аюпов.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: gov.kz
Өзгелердің жаңалығы