Кентаудағы Қазпоштада шыққан өрт сөндірілді – ТЖМ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысының өрт сөндірушілері Кентау қаласындағы Қазпошта бөлімшесінде шыққан өртті сөндірді. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.
2020 жылы 5 желтоқсанда сағат 22:58-де 101 пультіне Кентау қаласында үш қабатты тұрғын үйге жапсарлас салынған «Казпочта» АҚ кеңсесінде өрт шыққаны туралы хабарлама түсті, - деп хабарлады ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли.
Өрт сөндірушілер оқиға орнына келіп жеткен бойда, қоймада қағаз жанып жатқаны анықталды. Өрттің көлемі 30 шаршы метр. Өрт сағат 23:20-да оқшауланып, 23:30-да өрт толығымен сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт себебі анықталуда.
Өртті сөндіруге Түркістан облысы ТЖД 14 қызметкер және 4 бірлік техникасы жұмылдырылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Онлайн жәрмеңке арқылы қалай жұмыс табуға болады?
Өзгелердің жаңалығы