Кентауда оқушы «Қара жорға» билейтін робот жасады
Кентау қаласындағы №23 орта мектептің 5-сынып оқушысы Аружан Смайл Оқушылар сарайындағы робототехника үйірмесіне қатысады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жас өнертапқыш тәлімгері Ақниет Елемесованың жетекшілігімен биші құлтемір жасады.
Басты мақсатымыз – «Арқан тарту», «Көкпар», « Теңге алу» секілді қазақтың ұлттық ойындарын техникалық саламен ұштастыру және өскелең ұрпақтың қызығушылығын арттыру, оларға жол ашу, – дейді Ақниет Елемесова.
Аружанның айтуынша, үйірмеге алғаш қатысқаннан кейін робототехникаға деген қызығушылық артқан. Ол ұлттық дәстүрлерді насихаттауға бағытталған жоба жасағысы келіп, ойын жүзеге асырды.
«Қара жорға» билейтін ерекше роботты ол Наурыз мерекесінде көпшілікке көрсетті. Аружан робототехникада ғана емес, жаратылыстану – математикалық бағыттағы пәндерден де озат оқушы.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Тұғырлы тұлғалар парламент төрінде
Өзгелердің жаңалығы