Кентауда екі балаға зорлық көрсетті деген күдікпен ер адам ұсталды

Түркістан облысының Кентау қаласында кәмелетке толмаған екі қызға қатысты зорлық-зомбылық жасады деген күдікпен 45 жастағы ер адам қамауға алынды, деп хабарлайды BAQ.KZ Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Ақпаратқа сәйкес, күдікті бірнеше жыл бойы екі баланы жүйелі түрде зорлады деген күдікке ілінген. Аталған дерек әлеуметтік желілерде жарияланғаннан кейін полиция тарапынан тексерілді.

Облыстық полиция департаменті бұл ақпаратты ішінара растады. Ведомствоның хабарлауынша, 2025 жылдың желтоқсанында кәмелетке толмағандарға қатысты заңсыз әрекеттер фактісі бойынша арыз түскен. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы