Кеңсе жұмысы қан қысымының қаупін жоғарылатады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Канада ғалымдары кеңседе ұзақ жұмыс істеу қан қысымының артуына себепкер болатынын анықтады.
Hypertension басылымының мәліметінше, кейбір жағдайда аталмыш ауру жасырын түрде дамып, жоспарлы тексерістен өту кезінде анықталмауы да мүмкін.
Тиісті зерттеудің анық-қанығына жету үшін Квебек қаласындағы 3 мемлекеттік мекеменің 3500 жуық кеңседе жұмыс істейтін жұмысшысы жұмылдырылды. Аптасына 35 сағат жұмыс істейтін жұмысшылардың денсаулығында айтарлықтай кінәрат байқалмаған.
Ал аптасына 41-48 сағатын жұмыста өткізетін адамдардың 54%-ы жасырын гипертонияға бейім болса, ал қалған 42%-ы – аурудың созылмалы түрлеріне шалдыққан. Сәйкесінше, аптасына 49 сағаттан көп жұмыс істеген жұмысшылардың ауруға шалдығу қаупі 66-70%-ға жоғарылайды, - делінген хабарламада.
Ғалымдардың айтуынша, АҚШ-тың өзінде гипертония салдарынан жылына 82 мың қайтыс болады екен. Аурудың жасырын түрінде дәрігердің қабылдауында пациенттің қан қысымы қалыпты болады, алайда басқа жағдайларда жұмыстағы күйзеліс, стресс кезінде ол бірден көтеріліп кетуі мүмкін.
Бұндай гипертонияны анықтау үшін адам күні бойы қан қысымын бақылайтын портативті құрылғыны тағып жүруі керек. Ол 15 минут сайын адамның қан қысымының көрсеткішін жазып отырады.
Зерттеу нәтижесінде тәжірибеге қатысқандардың что 13%-ы өздерінің жоғары қан қысымы бар екенін мүлдем білмеген көрінеді