«Кеңсайдағы» өрттен 60 зират бүлінген

Бұл туралы «Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Самат Асаинов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлады BAQ.KZ тілшісі.  

Алматы қаласының маңында төтенше өрт қауіпсіздігі сақталады. Осыған байланысты қаламыздың өрт сөндіру бөлімшелері күшейтілген режимде қызмет атқарып жатыр. Күн сайын патрульдеу ұйымастырылды. Барлығы 19 өрт сөндіру бөлімшесі мен жеке құрамның 100-ден астам адам өртке жұмылдыруға дайын, - деді ол. 

Самат Асаинов атағандай, бүгінгі таңға дейін 190 рейд өткізіліп, олардың аясында 55 анықтамалық берілген. 

Жағуға болмайтын жерлерге 117 «костер» жаққан. Жергілікті полиция мен ауыл шаруашылығы басқармасы 117 бұзушыны ұстаған. Қазіргі таңда өрт қауіпсіздігі бойынша төтенше жағдай сақталып отыр. Кеше «Кеңсай» ауданында 1 гектарға жуық жер өртенді. Ондағы өрттен 60 зират бүлінді. Өрттен кейін  «Көктөбе телемұнарасындағы тау бөктері өртенді. Ол өртті бір сағат ішінде сөндірдік. Жәбір көргендер жоқ, - деді ол. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы