29 Қаңтар 2019 2019, 15:19
Кениялық бес жеңіл атлет Қазақстан азаматтығын алды
Астана, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанның жеңіл атлетика федерациясы Кенияның бес жеңіл атлетіне "спорттық азаматтық" рәсімдеуді бастады. Бұл жөнінде Vesti.kz порталы хабарлайды.
Астана, BAQ.KZ. Қазақстанның жеңіл атлетика федерациясы Кенияның бес жеңіл атлетіне "спорттық азаматтық" рәсімдеуді бастады. Бұл жөнінде Vesti.kz порталы хабарлайды.
"Төрт спортшы - Нора Джеруто, Каролин Кипкируи, Дэйзи Джэпкимэй, Шэдрак Коэч және бапкер Кеннет Кепиего Ротич 2018 жылдың желтоқсан айында Қазақстан азаматтығын қабылдағаны туралы ақпаратты растаймыз", - деді федерацияда.
2019 жылдың қаңтар айынан бастап бұл спортшылар Шығыс Қазақстан облысы атынан жарыстарға қатысатын болады. Сондай-ақ, олар - "Алтай Атлетикс" клубының мүшелері.
Қазіргі уақытта Федерация жоғарыда аталған атлеттердің Халықаралық жеңіл атлетика, федерацияларының қауымдастығындағы (IAAF) "спорттық азаматтығын" рәсімдеуге кірісті.