Кенияға коронавируспен күресуге көмек беретін үш робот жеткізілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кенияға коронавирус індетімен күресуге көмек беретін 3 робот жеткізілді, деп хабарлайды «Хабар 24».
Бұл – Жапония үкіметі қаржыландырған шара. Құрылғы бір минут ішінде 200-дей адамның дене қызуын өлшей алады. Сондай-ақ әуежайлар секілді үлкен ауданды алып жатқан ғимараттарды дезинфекциялайды. Оған қоса, адамдарға маска кию қажеттігін еске салып тұрады. Осылайша, осы жұмысты атқарып жатқан медиктерді ауру жұқтыру қатерінен сақтап қалады.
Кенияға келетін туристер роботтың қабілетін бағалайтынына сенімдімін. Өйткені олар әуежайда тексеруден өтетін жолаушылардың уақытын үнемдейді, – дейді Кенияның Денсаулық сақтау министрі Мутахи Кагве.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
COVID-19: індеттен 1163 адам емделіп шықты
Келесі жаңалық
Жетісуда қысқы спорт дамымаған
Өзгелердің жаңалығы