Кенияда вакцинациядан жалтарған шенеуніктер жазаланады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресми Найроби барлық мемлекеттік қызметшіге COVID-19 вакцинациясынан өтуді тапсырды.
Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.Мемлекеттік қызметшілер халыққа вакцинацияны насихаттаудың үлгісі ретінде. Кения вакцинациядан жалтарған шенеуніктерді жазалауға ниетті. Ресми Найроби барлық мемлекеттік қызметшіге COVID-19 вакцинациясынан өтуді тапсырды. Бас тартқан үкіметтегі антиваксерлер бұл талапты орындамағаны үшін сөгіс алады.
Барлық мемлекеттік қызметшілерге вакцинациялануға басымдық беріледі. Ал 23 тамызға дейін екпе алуға үлгермегендерге тәртіптік шаралар қолданылатын болады", — деп мәлімдеді Мемлекеттік қызмет басшысы Джозеф Киньюа.
Швецияда анықталған коронавирустық инфекциялар саны 1 108 057-ні құрады. Бір тәулік ішінде COVID-19 жұқтырудың 1 236 жағдайы анықталды. Инфекцияның ауыр түрімен ауыратын 29 пациент реанимация бөлімшелерінде ем қабылдауда. Жалпы алғанда SARS-CoV-2-ден 14 658 адам қайтыс болды.
Бұл ретте елімізде иммундау қарқынды жүріп жатыр, COVID-19 вакцинасының бірінші дозасын 6 584 455 адам, екіншісін — 4 641 169 адам алды.