Кенияда президент кортежі кісі қағып кетті

Кенияда президент кортежінің құрамында болған үкіметтік көлік қағып кеткен британ азаматы қайтыс болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

CNN хабарлауынша, Эдгар Чарльз Фредерик – 79 жастағы ер адам 13 наурызда қайтыс болды. Оны ел астанасы Найробидегі қоғамдық іс-шараға бара жатқан президент Уильям Рутоның кортежі қағып кетті. Мемлекеттік көліктің жүргізушісі қамауға алынды, бірақ кейін кепілмен босатылды.

Кениялықтар президент кортежінің жүргізушілері неліктен адам көп жүретін басты жолда жоғары жылдамдықпен келе жатқанына күмән келтірген кезде апат әлеуметтік желілерде наразылық тудырды.

Әлеуметтік желіде жарияланған бейнежазбаларда жәбірленушінің тротуарда жатқаны, қатты қиналып жатқанын көруге болады. Оны қағып кеткен көлік апаттан кейін де тоқтамаған.

Марқұм Фредерик Кенияға сол елдің тұрғындары болып табылатын әпкесі мен жиенін көру үшін барған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: baq.kz
Өзгелердің жаңалығы