Кенияда коронавирус жұқтырудың алғашқы дерегі тіркелді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Кенияда коронавирус жұқтырудың алғашқы дерегі тіркелді. Бұл ақпаратты елдің денсаулық сақтау министрі растады, деп хабарлайды "Хабар 24".

Қатерлі дертке шалдыққан найробилік әйел адам болып шықты. Ол жақында ғана АҚШ-тан оралған. 
Қазіргі уақытта науқас карантинде. Оның жағдайы тұрақты деп бағаланып отыр.
  
Денсаулық сақтау министрінің айтуынша, қазір науқаспен байланыста болған азаматтардың бәрі анықталып, бақылауға алынған.
 
Айта кетейік, бүгінде қауіпті вирусты жұқтырғандар саны әлем бойынша 130 мыңға жуықтады. Ауру жұқтыру деректері ең көп тіркелген елдер қатарында Қытай, Оңтүстік Корея, Иран мен Италия бар.

 
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы