Кенияда халықты вакциналау басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кенияда халықты коронавирусқа қарсы вакциналау басталды. Шара «АстраЗенека» вакцинасымен жүргізіліп жатыр, деп жазды Хабар24.
Елге КОВАКС бағдарламасы шеңберінде 3 жарым миллион дозаның алғашқы партиясы жеткізілді. Екпе алдымен 400 мың дәрігер және індетпен күресіп жатқан өзге саланың өкілдеріне салынады. Билік шілде айына дейін 1 миллион 250 мың тұрғынды вакциналап, шараның екінші кезеңінде 10 миллионға жуық адамды егуді жоспарлап отыр. Осы арқылы Кения індеттің таралуын тоқтатып, экономикасын қалпына келтіруге үмітті.
Вакцина ектіру қажет. Себебі бұл жұқпалы кеселден адамдар өліп жатыр. Қазір елге жеткізілген екпе барлық тексерістен өткен. Сондықтан ол індеттің таралуын тоқтатуға көмектеседі деп сенемін, – дейді дәрігер Джон Нгуре.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
ШҚО-да су тасқынына дайындық жүріп жатыр
Келесі жаңалық
Баспана сатып аларда нені ескеру керек
Өзгелердің жаңалығы