Кенияда ер адам мәйітханада жатқан жерінде есін жиған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Аурухана өкілдерінің айтуынша, ер адамның туыстары оның жағдайын тексеруге уақыт бермей, мәйітханаға жіберген. Кейіннен азаматтың тірі екені анықталды.

Кенияда Питер Киген есімді ер адам мәйітханада денені бальзамдауға дайындай бастағанда есін жиған, деп хабарлады The Standart. 

Белгілі болғандай, Питер үйінде есінен танып қалған, оны отбасы бірден ауруханаға апарған. Бірнеше сағаттан кейін азаматтың ауруханаға жеткенше жан тапсырғаны хабарланған.

Аурухананың бас дәрігері Гирберг Черуйотаның сөзінше, ер азаматтың туыстарының өздері оны өлді деп сендірген. Дәрігерлер оны тексеруге уақыт беруін өтінгенмен, туыстары оларды ештеңеге асықпайтынын айтып, мәйітханаға өздері әкелген көрінеді.

Мәйітхана қызметкерлері мәйітті бальзамдауға алып шыққанда оның қозғалғанын байқаған. Сонан кейін Питерді палатаға ауыстырды. Жақында оны ауруханадан шығаруға дайындап жатыр.

Питер Кигеннің өзі бұл жайтты естігеннен кейін қатты таңқалған.

Осыған ұқсас жағдай Колумбияда болған. Тірі адамды өлдіге санап, мәйітханаға тапсырған. Ол жерде пациент есін жиған. Алайда мәйітхана қызметкерлері оның расымен де өлгенін айтып сендірмек болған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы