Кенияда аштықтан қырылғандар саны 73-ке жетті

Кенияда христиандық секта өкілінің уағызына еріп, аштан өлгендер саны 73 адамға жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазақстан» телеарнасына сілтеме жасап.

Олардың мәйіті елдің шығысындағы орманнан қайта қазылып алынды. 33 адам тірі қалған. Марқұмдардың саны әлі де өсуі мүмкін. Жергілікті полицияның мәліметінше, 112 тұрғын із-түссіз жоғалып кеткен.

Секта жетекшісі Пол Маккензи 14 сыбайласымен бірге тұтқындалды.

Жергілікті ақпарат құралдарының дерегінше, ол адамдардың санасына «тамақ ішпей өлсең, жұмаққа барасың» деген ұғымды сіңірген. Кениялық БАҚ-тың хабарлауынша, қамауда отырған Маккензидің өзі де тамақ пен судан бас тартып отыр.

Полицияға бұл істі тергеу үшін 14 күн мерзім берілген.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы