Кения президенті салықты көтеру туралы заңға қол қоюдан бас тартты

Кения президенті елдегі көтеріліске байланысты салық туралы заңды кері қайтарып алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Euronews-тің мәліметіне сүйенсек, наразылық акциялары кезінде 20-дан астам адам көз жұмған. Ондаған адам зардап шеккен.

Кения президенті Уильям Руто жалпыұлттық диалогты бастауға уәде берді.

Ұлтқа жолдауы кезінде Руто адамдардың пікірін ескеріп, заңға қол қоймайтынын айтты.

Кениядағы заң жобасына қарсы акция бірнеше күнге созылды. Манифестанттар ел президентінен отставкаға кетуін талап еткен болатын.

Парламент түзетілген құжаттарды қабылдаған соң жаппай тәртіпсіздіктер басталды. Наразылыққа қатысушылар парламентке кіріп, кешеннің жартысын өртеп жіберген.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: euronews.com
Өзгелердің жаңалығы