Кениялықтар ең әйгілі пілінен айырылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көп адамдар бұл піл туралы Би-би-си деректі фильмдерінің арқасында танып білді.

Африка саваннасының азулы пілдерінің бірі, Кенияда 52 жыл өмір сүрген Мэтт есімді әйгілі піл өлді. 

Nairobi News басылымының мәліметінше, жануар еш жарақат алмай, қартайып өлген. Парк аумағын барлап жүрген браконьерлерге қарсы отрядтың қызметкерлері жануардың денесін тауып алып, Кения жабайы табиғат басқармасына хабарлаған.

Пілдің салмағы 6 тоннадан, ал бойы 3 метрден асып кеткен. 2002 жылы пілдің қай жерде жүргенін және оған төнетін қауіп-қатерді бақылау мақсатында оған спутниктік датчик қойылды. 

Бақылау датчигін орнатқан Save the Elephants ұлттық табиғат қорғау ұйымы пілдің баратын жерлерін бақылап отырды. Мэттің өмір сүру салтын зерттеген мамандар басқа кениялық пілдерге қарағанда оның көп қашықтық жүріп өткенін анықтаған. Ол Меру ұлттық паркінен он шақты шақырым алыстап кетіп, жақын жатқан парктерге, соның ішінде Самбуру қорықтарына дейін барған.

Көптеген көрермен піл туралы Би-би-си арнасының деректі фильмдері арқылы біледі. Аталмыш арна кениялық фаунаның өміріне қатысты көп фильм түсірді: "Тайная жизнь слонов", "Это дикие звери", "Эпические путешествия в природе".

2017 жылы Save the Elephants ұйымының негізін қалаушы Иэйн Даглас-Нэмилтон Мэттің басқа аталық пілмен айқасын түсіруге беріліп кеткені соншалық төбелестің ортасында қалып қойып, әрең құтылған.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы