Кеңес одағы ешбір қантөгіссіз ыдырады деп айтуға болмайды - Гасанов

Орталық Азия медиа форумында әзербайжандық дипломат, қоғам қайраткері Гасан Гасанов Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегін ұмытпауға шақырды, деп хабарлайды  BAQ.KZ тілшісі.

Шетелдік дипломат Қазақстан тарихи қиын кезеңнен қалай өткенін айтты.

Кеңес одағы ешбір қантөгіссіз ыдырады деп айтуға болмайды. Қантөгіс  Грузияда, Вильноста және көп жыл бойы Әзербайжанда болды. Тәуелсіздік алғанға дейін жарты миллион босқын болды. Әзербайжан тәуелсіздікке осылай қол жеткізді. Бақытқа орай, Қазақстан тәуелсіздігін жақсы бастады. Алайда Қазақстанның көтеріліп кету әлеуеті өте жоғары болды. Себебі Қазақстанда жүздеген ұлт өкілі болды. Қазақтардың өздері аз болды. Бірақ Назарбаев саясатының арқасында сол күрделі тарихи кезеңнен Қазақстан оңтайлы өтті. Оны ұмытуға болмайды, - деп айтты Гасанов.

Еске сала кетейік, бүгін елордада І Орталық Азия медиа форумы өз жұмысын бастады.

Форум 20-21 желтоқсан күндері өтеді.

Форум аясында медиа мамандар мен танымал сарапшылар өңірдегі медианы дамытудың өзекті мәселелерін талқылап, Орталық Азияда ортақ медиа кеңістік құру идеясын сараптап жатыр. Іс-шараға 100-ден астам спикер қатысып отыр. Бұл - халықаралық деңгейдегі белгілі ғалымдар, саясаткерлер, журналистер, беделді сарапшылар мен медиа саласындағы халықаралық ұйымдардың өкілдері.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов
Өзгелердің жаңалығы