Кендірлідегі әуежай 2027 жылы іске қосылады
Биыл сынақ ұшулары өткізіледі.
Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Сенатта өткен брифингте Маңғыстау облысындағы Кендірлі ауылындағы әуежайдың қашан іске қосылатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Журналистер министрден әуежай қашан толық аяқталатынын және Кендірліге тікелей рейстер қашан басталатынын сұрады.
Келесі жылы. Биыл Зайсан бағытына техникалық сынақ рейстерін жүргізе аламыз, бірақ негізгі ұшулар келесі жылы басталады, – деді Нұрлан Сауранбаев.
Сондай-ақ ол Кендірлі мен Зайсан бағыттарына билет сату мәселесіне де тоқталды.
Билеттерге қатысты мәселе әлі ашық, себебі туристерді тартатын өңірлер тарапынан субсидиялау мәселелері бар. Бұл жайт әуе компанияларымен жүргізілетін келіссөздерге әсер етеді, – деп түсіндірді министр.
Еске салайық, бұған дейін Кендірлі әуежайының құрылысы қарқынды жүріп жатқаны белгілі болды.