Кен іздеушілер кірісін салықтық әкімшілендіру қалай жүзеге асырылады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда бағалы металдар мен асыл тастарды өндіретін 25 кен іздеуші тіркелген. Оның тек үшеуі биыл, қалғаны 2019 жылы тіркелген. Бұл туралы Қазақстан Республикасы қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.

Кен іздеу жер қойнауын пайдаланудың жеке түрі ретінде 2018 жылдың маусым айынан бастап "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Кодексінің қабылдануымен енгізілген.

Кен іздеуші деп жергілікті атқарушы органның тиісті лицензиясы негізінде бағалы металдар мен асыл тастарды өндіру құқығын алған Қазақстан Республикасының азаматтары танылады.

Жергілікті атқарушы органдар өз кезегінде ҚР мемлекеттік кірістер органдарымен өзара іс-қимыл жасайды және кеншілердің салық міндеттемелерін орындауына бақылау жасауға жәрдемдеседі.
Барлық 25 кен іздеуші жеке кәсіпкер ретінде тіркелген, бұл олардың кірістеріне салық салу тәртібін алдын-ала анықтайды. Алайда, деректерді талдау барысында олардың тек 6-ы ғана жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібін қолданатындығы анықталды.  Қалғандары Салық кодексінің ережелерін бұза отырып, жер қойнауын пайдаланушылар бола отырып, онайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданады. Бұл жеке кәсіпкер ретінде тіркеудің де, АСР-ін де қолданылудың хабарландыру тәртібімен байланысты. Сондай-ақ, жеке кен іздеушілер жер қойнауын пайдалануды олардың қызмет түрі ретінде көрсетпеді, - делінген хабарламада.
Осыған байланысты аймақтық мемлекеттік кірістер департаменттері кен іздеушілердің салық міндеттемелерін орындауын камералдық бақылау шеңберінде бақылайды.  Осылай, заңсыз қолданылған жеңілдетінген режимге (АСР) қосымша, салық салудың жалпыға бірдей тәртібін қолданатын 6-нан 3-інің ғана 2019 жыл үшін алынған кірістер туралы мәлімдеме жасағаны анықталды.  АСР қолданатын 19 адамның тек 4-і.

Осылайша, кен іздеушілердің кірістерін салықтық әкімшілендіру мақсатында кеншілер өндіретін бағалы металдар мен бағалы тастардың көлемі туралы ақпарат пайдаланылатын болады. Осындай ақпаратты кен іздеушілер жыл сайын жергілікті атқарушы органға ұсынады.

Бұдан басқа, мемлекеттік кірістер комитеті электронды шот-фактуралардың (ЭСФ) және алтыннан жасалған тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды пилоттық режимде шығаруды енгізу бойынша жұмыстар жүргізуде. Аталған шара кен іздеушінің алтынды өндіруден бастап зауытта дайын өнімді шығаруға дейінгі барлық өндіріс тізбегін бақылауға мүмкіндік береді.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы