Кемелбек Ойшыбаев: БАҚ туралы жаңа заң жобасын ұсынамыз
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. BAQ.KZ ақпарат агенттігінің 10 жылдығына орай редакция ұжымын құттықтап келген ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Кемелбек Ойшыбаевтан блиц-сұхбат алудың сәті түскен еді.
Еліміздегі мемлекеттік БАҚ-тың болашағы және ірі ақпарат агенттіктерін біріктіру барысындағы ұтымды тұстар мен еліміздегі БАҚ туралы заңға тоқталған вице-министр 2022 жылы толықтырылған заң жобасын Парламентке ұсынылатынын айтты.
Министрлік ақпарат саласын дамытып келе жатқандықтан, әуелі журналистика саласын дамытуға күш салып отыр. Сонымен қатар, қазіргі кезде «блогерлер» деген де түсінік бары анық. Оны жоққа шығара алмаймыз. Сондықтан алдағы жылы біз жаңа заң жобасын дайындауды бастағалы отырмыз. Жоспарымыз бойынша ол заң жобасы 2022 жылы қабылданады, - деді вице-министр.
Сұхбаттың толық нұсқасын видеодан көре аласыздар.
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің вице-министрі Кемелбек Ойшыбаев атаулы күнмен редакция қызметкерлерін құттықтап, министр Аида Балаеваның құттықтау хатын оқып берді. Сондай-ақ редакция ұжымын министрдің алғыс хатымен марапаттады. Оның ішінде агенттіктің шығарушы редакторы Самал Алманова «Ақпарат саласының үздігі» медалімен, бас редактор Мөлдір Бекбергенова мен аймақтық желі редакторы Назым Бөлесова және BAQ.KZ тілшісі Ержан Жаубай алғыс хаттармен марапатталды.