БАӘ жағалауында 4 кемеге шабуыл жасалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Біріккен Араб Әмірліктерінің Сыртқы істер министрлігі коммерциялық кемелерге шабуылды «вандализм актілері» деп отыр.

Біріккен Араб Әмірліктерінің шығыс жағалауындағы Фуджейр портында бірнеше мемлекетке тиесілі төрт сауда кемесіне 12 мамырда шабуыл жасалды. Бұл туралы WAM мемлекеттік агенттігі елдің Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап хабарлады.

«Таңертең Фуджейр эмиратының шығыс жағалауына таяу БАӘ территориялық суларына жақын жерде әртүрлі елге тиесілі төрт кемеге вандализм актілері жасалды», - делінген СІМ мәлімдемесінде.

«Шабуылдан жарақат алғандар мен қаза тапқандар жоқ екені, сонымен қатар кемелерден ешқандай зиянды заттар мен отын төгілмегені» ескертіледі.

БАӘ билігі жергілікті және халықаралық органдармен бірлесе оқиғаның мән-жайын тергеуді бастап кетті.

Қазір Фуджейр портында жұмыс қалыпты жүріп жатыр.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы