Кембридж университетінің педагогтары елордалық мұғалімдермен тәжірибе бөлісуде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мектеп кестесін, оқытудың жаңа әдістерін, оқушыларды ынталандыру жүйесін Кембридж университетінің оқытушылары мен елордалық педагогтар талқылады, деп хабарлады астана әкімдігінің ресми сайты.
Елордада "SHARE" пилоттық жобасы іске қосылды. Үш күндік семинар барысында шетелдік қонақтар "мектеп көрінісі", "білім берудегі көшбасшылық", "іс-әрекеттегі практиканы зерттеу" сессияларын өткізеді, оқушылармен кездесіп, білім беру жүйесінің тәжірибесімен бөліседі. Жобаға қаланың 5 мектебі қатысуда.Қала әкімі Алтай Көлгінов шетелдік тәжірибе алмасу – әлемдік тренд, "тек білім арқылы ғана табысқа жетуге болады" деп атап өтті.
"Сіздер жаңа әдістеме арқылы білім алып, біліктіліктеріңізді арттыру үшін қолайлы жағдай жасаймыз. Сіздің мәртебеңіз оқыту сапасына тікелей байланысты. Егер бала таңертең мектепке асық болса, аса қуанышпен сабақ оқыса - бұл сіздің жетістігіңіз. Мектеп директоры қандай импульс пен бағыт берсе, мектеп те сондай болмақ. Елордада халық санының өсуі байқалады, оның ішінде оқушылар саны өсуде. Балалардың болашағы, олардың білімі сіздерге байланысты", - деп атап өтті қала басшысы.Сонымен қатар Алтай Көлгінов тәжірибе алмасу бойынша осындай жобалар басқа мектептерде де өткізілетінін атап өтті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Әлемде доллар бағамы әлсіреді
Өзгелердің жаңалығы