Кембридж дәрістерін тек онлайн өткізбек

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кембридж 2020-2021 оқу жылында дәрістерін тек онлайн өткізбек. Бұл туралы Хабар24  сайты хабарлады.

Кембридж университеті келесі оқу жылында коронавирусқа байланысты дәрістерді бетпе-бет өткізуден бас тартуды жоспарлап отыр.  

Әлеуметтік арақашықтықты сақтау әлі де жалғасуы мүмкін екенін ескере отырып, университет келесі оқу жылында дәрістерді тек онлайн өткізу туралы шешім қабылдады, - делінген университет хабарламасында. 

Университет әзірге тек шағын топтарға дәстүрлі түрде сабақ өту мүмкіндіктерін қарастыруда. Бұл туралы Financial Times хабарлады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы