Кемаль Қылышдароғлы 110 жылға сотталуы мүмкін
Түркиядағы оппозициялық Халық-республикалық партияның көшбасшысы және президент сайлауындағы экс-кандидат Кемаль Кылычдароғлы 110 жылға сотталуы мүмкін. Бұл туралы BAQ.KZ Cumhuriyet басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Журналист Барыш Теркоғлының түсіндіруінше, жуырда қайта сайланған Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған президенттік сайлаудағы басты қарсыласы Кемаль Қылышдароғлудың үстінен сотқа 28 талап арыз түсірді.
Егер Ердоғанның талабы қанағаттандырылса, қарсыласы 110 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Сондай-ақ әр арыз бойынша саясаткерге 4 жылға түрмеге қамау жазасы қарастырылған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы