Келісімге келмейді. Министр құрылыста жұмыс істейтін жастар жайында
Премьер-министрдің орынбасары – Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова азаматтардың құқықтық сауатына көңіл бөлу керегін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қазіргі таңда құрылыста жұмыс істеп жүрген жастар бар. Қоғамдық қабылдауға келсеңіздер көресіздер. Бізге жастар келіп, «жұмыс істедік, бірақ еңбек шартын жасамадық» дейді. Олардан қайта тұрғанын анықтаймыз, тіркеуі болмай шығады. Мұның бәрін реттеуіміз керек. Әр баланың құқығы тапталып қала бермеуі тиіс, - деді ведомство басшысы Еңбек министрлігінде өткен брифингте.
Министр мұндай қарапайым тәртіпті әр азамат өзінен бастауы керегін айтады.
Жұмысқа келдік пе, келісімшартқа отырайық. Кейін нақты еңбекқыны келісу керек. Көбі еңбекақымды кейін берем деп айтты деп келеді. Сол сияқты оқиғалар көп. Сол себепті азаматтардың құқықтық сауатын ашуымыз қажет, - деді Тамара Дүйсенова.
Еске сала кетсек, бүгін таңертең үкіметте Еңбек министрі Астанаға келушілерді реттеу қажет деп мәлімдеме жасаған еді. Алайда министрліктің өзінде өткен брифингте сұрақты дұрыс түсінбегенін, шектеудің болмайтынын айтты.