Келініне былапыт сөз айтқан қызылордалық сот алдында жауап берді
Қызылорда қаласы әкімшілік құқық бұзушылық бойынша мамандандырылған соты келінін қорлады деп айыпталған тұрғынның ісін қарады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Іс материалдарына сәйкес, азамат А. келініне былапыт сөз айтқан. Сот отырысында ер адам кінәсін мойындап, өкінетінін айтты. Ал жәбірленуші қайынатасының кешірім сұрағанын растап, онымен тіл табысқанын айтты.
Құқық бұзушының өкінгенін және тараптардың татуласқанын ескере отырып, сот азамат А.-ны тараптардың татуласуына байланысты әкімшілік жауапкершіліктен босату туралы қаулы шығарды, - делінген хабарламада.
Сот қаулысы заңды күшіне енді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы