Келімбетов АХҚО-ның орташа жалақы көлемін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Мәжілістің жалпы отырысынан кейін тілшілерге "Астана" халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) басқарушысы Қайрат Келімбетов мекемедегі орташа жалақы көлемін айтты.

Орташа есеппен басқарушы персоналдар "Бәйтерек" холдингімен шамалас, яғни 5 мың доллар көлемінде жалақы алады деп ойлаймын, - деп жауап берді Келімбетов.

Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында "Астана" халықаралық қаржы орталығы туралы, "ҚР Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР Конституциялық заң жобасы қаралды.

Келімбетов 2018-2019 жылдар аралығындағы биржалық алаң арқылы 2,5 млрд долларға жуық портфельдік инвестицияларды тартуға болатынын, оның ішінде қарыз капиталы 2 млрд-тан астам және меншік капиталы 216 млн долларды құрайтынын айтты.
 Өздеріңіз білесіздер, АХҚО платформасының биржасында IPO (акциялардың алғашқы ашық сатылымы) өтті. Сол арқылы "Қазатомөнеркәсіпке" тиісті 129 миллион доллар тартылды. "Халық банкке" де IPO арқылы 66 миллион доллар қаржы түсті. Тұңғыш рет ресейлік "Полиметалл" тау-кен компаниясы біздің платформаға 20 миллион доллар әкелді, - деді Қайрат Келімбетов.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы