Келестік полицейлер жоғалып кеткен ер адамды Шымкенттен тапты

Келестік полицейлер жоғалып кеткен ер адамды Шымкенттен тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Polisia.kz мәліметінше, Келес аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Әйел адамның айтуынша, інісі үйден белгісіз бағытқа шығып, қайта оралмаған. Жақындары жоғалған азаматты іздеп таппаған соң полиция қызметкерлерінен көмек сұраған. 

Аталған жайт Келес АПБ-ға бірден тіркеліп, адам жоғалу жайты бойынша қажетті шаралар жүргізілді. Тәртіп сақшылары ер адамның баруы мүмкін ауыл-аймақты түгел қарап, көрген-білгендерден сұрастыру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде, полицейлер жоғалған ер адамды Шымкент қаласынан тапты. Анықталғандай, денсаулығында ақауы бар ер азамат Шымкент қаласына барып, көшеде түнеген. Бүгінгі таңда ер азамат дін аман, отбасымен бірге. Полиция қызметкерлерінің жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде бауырының аман-есен табылғанына қуанған тұрғын ризашылығын білдірді. 

Полиция қызметкерлері, қызметтеріңізге рақмет. Халыққа күндіз-түні қызмет етіп жүрген сіздерге алғысымыз шексіз. Жұмыстарыңыз алға баса берсін, –  деді тұрғын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы