Келесі жылы жұмыссыздар үшін медсақтандыруды әкімдік төлейді
Қабылданған заңға сәйкес, дағдарысты және шұғыл жағдайда жүрген азаматтар үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі бойынша жарналарды төлеу жергілікті атқарушы органдардың міндетіне жүктелді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жарналар адамның медициналық көмекке жүгіну фактісіне қарай есептеледі. Бұл қажетті медициналық қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Осы шаралардың арқасында 2026 жылы МӘМС жүйесімен қамтылатын азаматтар саны шамамен 1 миллион адамға артады. Медициналық көмек алу үшін тұрғылықты жері бойынша емханаға тіркелу қажет.
МӘМС жүйесіндегі мәртебені мына жолдармен тексеруге болады:
- Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының msqory.kz сайтында;
- SaqtandyryBot Telegram-боты арқылы;
- Qoldau 24/7, Damumed мобильді қосымшаларында,
- сондай-ақ Kaspi, Halyk, ЦКБ, Freedom, Bereke, Home Credit, Еуразиялық банк және ForteBank банктерінің қосымшалары арқылы.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы