Келесі жылы ҰБТ форматы өзгереді - министр
Келесі жылдан бастап ұлттық бірыңғай тестілеу жаңа форматқа көшіріледі. Сонымен қатар жаңа сипатта сұрақтар даярлайтын мамандар оқытылады. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.
ҰБТ-ға қатысты екі проблема бар. Алдымен сұрақтардың маңызы. Шынын айту керек, оның сұрақтары формалды. Адамды ойлауға және оның ойлау қабілетін тексеруге емес, жаттауға бағытталған. Бұл мәселені қалай шешпекпіз? Бүгінде Кембридж университетімен бірлесіп ҰБТ сұрақтарын түбегейлі түрде өзгертіп жатырмыз. Биыл 350 тест даярлайтын маман оқытылып, сертификациядан өтеді. Олар 5 мың жаңа сипаттағы сұрақтар әзірлейді. Жаңа форматтағы тест сұрақтары SAT (Scholastic Assessment Test) халықаралық емтиханына ұқсайды. Ол жерде алдымен баланың ойлау қабілеті назарға алынады, - деді Саясат Нұрбек.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елімізде төрт күндік жұмыс аптасы енгізіледі
Келесі жаңалық
Жібек Құламбаева – Португалиядағы жарыстың жеңімпазы
Өзгелердің жаңалығы