Келесі жылы Павлодар облысында 400 гектар қант қызылшасы егіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ертіс өңірінде болашақ қант зауытына шикізат базасын дайындау жұмыстары жалғасуда, деп хабарлады pavlodarnews.kz.
Бұл туралы облыс әкімі Павлодарда JohnDeere маркалы ауылшаруашылық техникаларына қызмет көрсететін сервистік орталық салуды жоспарлап отырған «Eurasia Group Kazakhstan» ЖШС өкілдерімен кездесу кезінде айтты.
Болат Бақауовтың айтуынша, қызылша отырғызуға арналған тұқымдар KWS неміс компаниясынан алынады.
«Әдеттегідей, тәжірибелік отырғызу кезінде біздің бірнеше шаруа қожалықтары бір гектар жерге қызылша еккен кезде кішігірім техникалық қателіктер жіберілді, бірақ бұл жұмыстың бүгінгі нәтижелері жақсы. Қыркүйек айында біз бір тамыр дақылының қанша салмақ болатынын, сондай-ақ өсірілген қызылшадағы қант мөлшерін анықтаймыз. Келесі жылы 400 гектар қант қызылшасын отырғызатын боламыз», - деді өңір басшысы.Еске салайық, осылайша Павлодар облысында таяу жылдары іске қосылуы жоспарланған қант зауыты үшін шикізат базасын дайындауды бастады. Зауыт жобасының техникалық-экономикалық негіздемесін ресейлік «БМА Руссланд» компаниясы дайындады. Инженерлік желілерге қосылудың техникалық шарттары алынды. Қазіргі уақытта жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қостанайда тұңғыш психологиялық көмек фронт-кеңсесі ашылды
Келесі жаңалық
Таразда екінші «Жайлы мектеп» пайдалануға берілді
Өзгелердің жаңалығы