Келесі жылы 2 әуежай реконструкциядан өтеді
Бұл туралы Мәжілісте "2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Заң жобасын таныстырған Қаржы вице-министрі Абзал Бейсенбекұлы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жалпы 343 км жол жаңғыртылады, 1 100 км жол жөнделеді. Сондай-ақ, Астананың көлік инфрақұрылымын және елордаға іргелес жатқан елді мекендердің 80 көшесі дамытылатын болады. 2023 жылғы маусымда пайдалануға берілген БАКАД жобасы шеңберінде мемлекеттік міндеттемені төлеу жоспарланып отыр, - деді вице-министр.
Спикер келесі жылы әуе және теміржол тасымалдаушылары, сондай-ақ су көлігі саласы қолдау алатынын да жеткізді.
50 млрд теңгеге жуық қаражатқа 20 шекара бөлімшесі мен 6 өткізу пункті салынады. Бұдан бөлек 2 әуежай реконструкцияланатын болады, - деді Қаржы вице-министрі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Шымкентте 2026 жылы 48 шақырымдық айналма жол жүргізіледі
Келесі жаңалық
Жетісуда алаяқтар азаяр емес
Өзгелердің жаңалығы