Келесі жылдан бастап медициналық кітапшаны онлайн форматта алуға болады
Келесі жылдың басынан бастап азаматтардың жеке медициналық кітапшалары толығымен онлайн-форматқа көшеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Денсаулық сақтау ведомствосының мәліметінше, бұл азаматтарға медициналық тексеруден өту уақытын қысқартуға мүмкіндік береді, жұмысқа жіберу туралы мөртабан алу үшін терапевтке қайта бару қажеттілігін болдырмайды.
Жеке медициналық кітапшаларды электрондық форматқа ауысқаннан кейін нәтижелерді жеке кабинеттен алуға болады, - деп түсіндірді министрліктен.
Жеке медициналық кітапшаны беруді автоматтандыру процесі соңғы кезеңде. Қазіргі уақытта медициналық ақпараттық жүйелерді интеграциялау бойынша жұмыс жүргізілуде. Соның нәтижесінде "Е-Денсаулық" сервисі "Жеке медициналық кітапша" модулінің деректерін қабылдауды бастайды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматы полициясы заңсыз жүрген шетелдіктерді жауапқа тартты
Өзгелердің жаңалығы