Келесі жеңіс дәрігерлердің қолында – Айдын Рахымбаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. BI Group құрылыс холдингінің негізін қалаушы Айдын Рахымбаев Facebook-тегі парақшасында медицина қызметкерлеріне госпитальді тапсырған сәттегі көңіл-күйімен бөлісті.  

Бұл керемет апта болды. Осы аптада екі аурухана медицина қызметкерлеріне тапсырылды. Ашылу сәтінен кейін, біз бүкіл командамен жұмыс асханасына осы тамаша оқиғаны атап өтуге бардық. Енді демалуға болады. Бас киім мен бетпердені шешіп, бір-бірімізге тілек пен алғыс айттық. Медициналық корпус құрылысын басқарған Уәли бұл екі аптаны керемет тимбилдигпен салыстырды, - деді Айдын Рахымбаев.

Үзіліссіз жасалған еңбектің нәтижесін көріп, шаршағанымызды ұмыттық дейді құрылысшылар.
Бұл экстремалды тәуліктік жарыс болды. Біздің жігіттер, жабдықтаушылар, серіктестер, жобалаушылар кезек-кезегімен орындыққа шығып, ауызбірлік, күш, ұйымшылдық пен барлығының ортақ ерліктері туралы тамаша сөздер айтты. Барлығы шаршаған, бірақ өте бақытты болды. Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларының ең үздік құрылыс командалары бірігіп, қабілеттерін көрсетті. Жеңістің арқасында шаршағанымызды ұмытып кеттік. Барлығымызды бұл күрестегі бірінші жеңіспен құттықтаймын! Біздің командамызға бұл үлкен сынақ болды, дегенмен, біз одан сәттілікпен өттік. Мақтанышымызға шек жоқ. Келесі жеңіс дәрігерлердің қолында! Бұл ауруханалар дәрігерлерге індетті жеңуге көмектессін! Біз оны міндетті түрде жеңеміз!, - деп жазды ол. 
 



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы