Келесі премьер-министр сіз бе? - Жұманғарин өзіне қатысты тараған ақпаратқа жауап берді

Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Министр 19 наурызда өтетін Мәжіліс және мәслихат депутаттарын сайлауға қатысты өз пікірін айтты. 

Сайлау сәтті өтеді деп ойлаймын. Бәріміз Қазақстанның болашағы үшін дауыс береміз. Бәрі жақсы болады, - деп атап өтті ведомство басшысы Үкімет отырысынан кейін кулуарда БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.

Сондай-ақ журналистер министрге: «Қазір желіде келесі Премьер-министр сіз болуыңыз мүмкін деген пікір таралуда. Бұған не дейсіз? Ондай пікірді оқыдыңыз ба?» деген сұрақ қойды. 

Бірінші рет естіп тұрмын, - деп қысқа қайырды Серік Жұманғарин. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы