Келесі олимпиадаға дайындаламын - Демеу Жадыраев
Алматы қаласының халықаралық әуежайында грек-рим күресінен Парижде өткен Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Демеу Жадыраевты салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Қолдап жатқан баршаңызға алғыс білдіремін. Сіздер медаль алуға себепші болдыңыздар. Спортшыларға дем беріп, сенім артып отырдыңыздар. Халықтың қолдауы спортшыға үлкен қуаныш пен мүмкіндік сыйлайды,- деді спортшы.
Сондай-ақ ол журналистердің “келесі олимпиадаға қатысасыз ба?” деген сұрағына спортшы жауап берді.
Енді ол қазір ең өзекті мәселенің бірі болып тұр. Барлығы осы сұрақты қойып, қызығушылық танытып отыр. Дайындаламыз, кедергі келтіретін ешнарсе жоқ деп айтар едім, - деді Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Демеу Жадыраев.
Олимпиада жеңімпазын Алматы облысы әкімі Марат Сұлтанғазиев құттықтады. Ол Демеу Жадыраевтың жетістігінің маңыздылығын айта келе, 77 келі салмақта жерлесіміздің жеңіп алған күмісі қазақ күресі үшін тарихи оқиға екенін атап өтті.
Жетісу облысы, Панфилов ауданы, Үшарал ауылынан шыққан Демеу Жадыраев, 12 жасынан күреспен айналыса бастаған.
Айта кетейік, тынымсыз жаттығулар мен жарыс жылдарында ол айтарлықтай жетістіктерге жетті: Азия чемпионы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, Қазақ спорт және туризм академиясының шебері, әскери қызметкерлер арасында Азия және әлем чемпионаттарының қола жүлдегері атанды.
Париждегі Олимпиада ойындарында Жадыраев шешуші белдесуде жапондық атақты палуан Нао Кусакамен кездесті.
Қарқынды күреске қарамастан, қорытынды есеп 5-2 Нао Қусаканың пайдасына берілсе де, Демеу Жадыраевтың жетістігін төмендетпейді. Жадыраев ширек финалда қырғызстандық Ақжол Махмудовты сенсациялық жолмен жеңсе, жартылай финалда әзірбайжандық Санан Сулеймановты 6:1 есебімен ұтты.
Іс-шараны ұйымдастырушылар – Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы мен Алматы облыстық дене шынықтыру және спортты дамыту орталығы – өз жетістіктерін мақтан тұтып, жарыстан жеңіспен оралған, жастарға үлгі боларлық спортшыны жарқын әрі жылы қарсы алды.