Келесі Көшпенділер ойындары қай елде өтетіні белгілі болды

Бұл туралы Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясының президенті Біләл Ердоған айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Дәл қазір Астанада 5-інші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жабылу салтанаты өтіп жатыр. 

Жиында сөз алған Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясының президенті Біләл Ердоған шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті.

Бұл жетістік Сіздерге тиесілі қазақ елі. Бар болыңыздар, нар болыңыздар, - деді ол.

Сондай-ақ мәртебелі мейман Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа ерекше алғысын айтып өтті.

Келесі көшпенділер ойындары Қырғызстан елінде өтетін болады. 

Жабылу салтанатында қырғыз елінің делегациясына ресми түрде Қазақстанда өткен ойындардың символы - торсықты тапсырды.

Еске сала кетейік, 8-13 қыркүйек аралығында Астанада 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтті. Дүбірлі додаға әлемнің 89 елінен 2500-нан астам спортшы қатысты. Олар бас-аяғы 581 медальді сарапқа салған болатын.

Бұған дейін көкпаршылар келесі Көшпенділер ойындарына қатысатыны анықталды.

Сондай-ақ ҰҚК 12 қыркүйекте көкпар кезінде Қырғызстан құрамасының көкпаршысына қысым көрсетілгенін жоққа шығарды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы