Келесі Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Қырғызстанда өтеді

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 2026 жылы Қырғызстанда өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Қырғыз Республикасының Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрі Алтынбек Мақсұтов мәлім етті.

Сіздермен жақсы жаңалықты бөліскім келеді. Қырғызстаннан бастау алған Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 2026 жылы туған жерінде өтеді, — деді ол.

Қырғызстаннан елімізде өтіп жатқан V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына 268 адамнан тұратын делегация қатысып жатыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы