Келесі аптада өтетін спорттық шаралар кестесі

Туризм және спорт министрлігі 24 ақпан – 2 наурыз аралығында өтетін спорттық іс-шаралар кестесін жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

24 ақпан – 9 наурыз: Шаңғымен тұғырдан секіруден әлем чемпионаты
Ел намысын 4 отандасымыз қорғайды.
Өтетін орны: Тронхейм қ., Норвегия.

24 ақпан – 3 наурыз: Мәнерлеп сырғанаудан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты
Әлемдік додаға ел құрамасынан 2 спортшы қатысады.
Өтетін орны: Дебрецен қ., Мажарстан.

23 ақпан – 7 наурыз: Биатлоннан жасөспірімдер мен жастар арасындағы әлем чемпионаты
Әлем біріншілігінде 11 отандасымыз сынға түседі.
Өтетін орны: Эстерсунд қ., Швеция.

24-28 ақпан: Спорттық және жауынгерлік самбодан Қазақстан чемпионаты
Ішкі біріншілікте 17 өңірден 110 спортшы бақ сынайды.
Өтетін орны: Ақтау қ.

25-28 ақпан: Қоян-қолтық ұрыстан ел біріншілігі
Чемпионатқа еліміздің барлық өңірінен 400 спортшы қатысады.
Өтетін орны: Астана қ.

26 ақпан – 2 наурыз: Шорт-тректен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты
Байрақты бәсекеде ел намысын 8 спортшы қорғайды.
Өтетін орны: Калгари қ., Канада.

26-27 ақпан: Еркін күрестен Muhamet Malo халықаралық рейтингтік турнирі
Қазақстан құрамасынан 10 палуан жүлдеге таласады.
Өтетін орны: Тирана қ., Албания.

26 ақпан – 4 наурыз: Көркем жүзуден Әлем кубогі (1 кезең)
Жарысқа отандық 9 спортшы қатысады.
Өтетін орны: Париж қ., Франция.

26-28 ақпан: Армрестлингтен Қазақстан чемпионаты
Сайысқа 17 өңірден 300 спортшы қатысады.
Өтетін орны: Астана қ.

28 ақпан – 6 наурыз: Тау шаңғысы спортынан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты
Ел намысын 2 спортшы қорғайды.
Өтетін орны: Тарвизио қ., Италия.

1-3 наурыз: Шаңғымен тұғырдан секіруден FIS кубогі
Жарыста 4 отандасымыз бақ сынайды.
Өтетін орны: Оберхоф қ., Германия.

1-7 наурыз: Қазақстан пара садақ атудан ел чемпионаты
Ел біріншілігіне 60 спортшы қатысады.
Өтетін орны: Шымкент қ.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы