"Келешек мектептері": Ақтауда биыл 3 мектеп пайдалануға беріледі
Ақтауда биыл 3 мектеп пайдалануға беріледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ақтау қаласында былтырғы оқу жылында бюджет қаражаты есебінен 18 және 19А шағын аудандарда әрқайсысы 1200 орындық 2 мектеп пайдалануға берілді.
Сондай-ақ "Келешек мектептері" ұлттық жобасы аясында 3 мектеп құрылысы аяқталып, тапсырылды. Биыл тағы 3 "Келешек мектептерінің" құрылысы жүргізілуде.
Қазіргі таңда, аталған жоба аясында 16, 20 ш/а және "Рауан" елді мекенінде 3 мектептің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Бұл өз кезегінде білім саласындағы өзекті мәселе - үш ауысымды мектеп проблемасын шешуге ықпал етпек, - деді қала әкімі Әбілқайыр Байпақов.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
260 мың қазақстандық Skills Enbek платформасында оқыды
Өзгелердің жаңалығы