Келешек бірінші сынып оқушыларының 70%-ы қазақ тілінде оқуды таңдады

Қазақстанда бірінші сыныпқа құжат қабылдау жалғасып жатыр. Қабылдау 2025 жылдың 1 сәуірінен басталып, 31 тамызға дейін жалғасады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта 274 мың бала бірінші сыныпқа қабылданды. Олардың 70%-ы оқу тілі ретінде мемлекеттік тілді таңдаған.

Құжаттарды тапсыру келесі жолдармен жүзеге асырылады:

• eGov.kz электронды үкімет порталы арқылы
• eGov mobile мобильді қосымшасы арқылы
• мектепке барып, қағаз түрінде тапсыру арқылы

Құжаттарды қабылдау демалыс және мереке күндерін қоспағанда жұмыс күндері жүргізіледі.

Айта кетейік, 2024-2025 оқу жылында Қазақстанда 351 176 бала бірінші сыныпқа қабылданған. 

Ең көп бірінші сынып оқушысы Түркістан облысында тіркелді – 44 мыңнан астам бала. 

Одан кейінгі орындарда Алматы облысы (34 мың) және Астана қаласы (26 мың) тұр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов - архив
Өзгелердің жаңалығы