Келер жылы Теңіз кенішіндегі жұмысшылар саны артады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысында Теңіз кен орнында мұнай өндіру бойынша зауыттың құрылысын салып жатқан «Теңізшевройл» ЖШС компаниясы жаңа жылдан кейін қырық мыңнан астам азаматты жұмыспен қамтиды, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.
Бұл туралы Атырау облысы әкімінің төрағалығымен өткен өнеркәсіп басшылары арасындағы мәжілісте айтылды.«Теңізшевройл» ЖШС–ның бас менеджері Ырзабек Артығалиевтің мәлімдегеніндей, компания басшылығы пандемияның «екінші толқынына» толық дайын.
Пандемия басталғалы бері компанияда санитариялық талаптар толықтай сақталуда. Жұмысшыларымыздың вахтаға бару, келу жағдайында ПТР сынамасы мінетті түрде алынады. Қазіргі уақытта «Теңізшевройл» ЖШС-на қарасты инфекциялық стационарда короновирус симптомымен 35 науқас ем алуда. Пневмония жұқтырғандар жоқ, - деді Ырзабек Артығалиев.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы