Қыс қайта келді ме? Бірнеше облыста ескерту жасалды

Астана, BAQ.KZ. Қазгидрометтің мәліметіне сәйкес, 3-4 наурыз күндері Астана қаласында жауын-шашын жауып, тұман түсіп, көктайғақ болады.

Сонымен қатар Елордада 15-20 м/с екпіндегі жел соғады. 5-7 наурыз күндері Астанада жаяу бұрқасын жүріп, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. 

5 наурыз күні Ақмола облысының кей жерлерінде бұрқасын соғып, тұман түсіп, көктайғақ боады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с, түнде 23 м/с жетеді. 

Сондай-ақ 7 наурыз күні Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Павлодар облыстарында оңтүстік-батыс желінің екпіні 15-20 м/с, кей уақыттары 23-28 м/с, 30 м/с артуы ықтимал. Жекелеген жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болып, бұрқасын соғуы мүмкін.

Сонымен қатар, алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялаған болатынбыз.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы