Кекілбаевқа арналған халықаралық театр фестивалі өтеді

Маңғыстау, BAQ.KZ. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Н.Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық драма театрының басшысы Нұрнияз Мұқанов айтты.

Оның айтуына қарағанда, Маңғыстау облысының әкімдігі мен Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымы бірлесіп, ҚР Мәдениет министрлігінің қолдауымен заманымыздың заңғар жазушысы Әбіш Кекілбаевтың, кемеңгер қаламгердің көркем туындыларын насихаттау мақсатындағы бұл фестивальге Каспий жағалауы мемлекеттері мен түркі тілдес елдердің театрлары қатысады деп күтілуде.

«Театр ұжымы өткен жылды табысты аяқтап отыр. Шығармашылық ұжым гастролдік сапармен облыстың барлық елді мекендерінде, Қаражанбас пен Қаламқас кен орындарындағы вахталық поселкелерде, Нұр-Сұлтан  қаласы мен еліміздің бірқатар елді мекендерінде  болды.Беларусь Республикасының Могилев қаласында өткен Халықаралық театр фестиваліне Ә.Кекілбаевтың «Шыңырау» повесінің желісімен жасалған драмалық қойылымымен қатысып, лауреат атанып қайтты» - деді ол.

Театр базасында ТҮРКСОЙ ұйымымен бірлесіп, Н.Жантөриннің 90 жылдығына арналған Каспий жағалауы елдерінің II Халықаралық театр фестиваліне бес елден 8 театр қатысып, табысты өнер көрсетті.

«Биылғы жылы да алдымызға үлкен міндеттер қойып отырмыз. Үстіміздегі жылдың сәуір айының екінші жартысында Шымкент және Алматы қалаларына гастрольдік сапармен барып, театрымыз репертуарындағы сүбелі спектаклдерімізді талғампаз оңтүстік көрермендерінің назарына ұсынбақшымыз. Қалыптасқан дәстүр бойынша облыс тұрғындарын репертуарымыздағы жаңа қойылымдармен, тың туындылармен таныстырып отыратын боламыз», - деді театрдың бас режиссері Гүлсина Мерғалиева.

Өткен жылы театр директоры Н.Мұханов Қазақстан театрлары Ассоциациясының «Үздік менеджмент» аталымы бойынша бас жүлдесімен, талантты актер К.Башаров «Екінші пландағы үздік актер» аталымы бойынша марапатталды. Көптеген қызметкерлер салалық министрлік пен облыс әкімдігінің, мәдениет басқармасының арнайы жүлделеріне ие болған.
«Жастар жылы» аясында және «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы мен Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында көрсетілген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында биылғы маусымда жаңадан жеті қойылым сахналанады. Соның ішінде «Жастар жылына» орай күні ертең премьерасы болатын Қанат Жүнісовтың «Алғашқы махаббат» комедиясы жастар арасындағы асқақ арман, пәк сезімдер шынайы көрсететін қойылымымызға қала тұрғындары мен қонақтарын шақырамыз», - деді театрдың жас әртісі Ислан Есжан.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы