Кекілбаевтың мерейтойын ел болып атап өтеміз – Тоқаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Маңғыстау облысының жұртшылық өкілдерімен кездесуі жалғасуда. Бұл туралы Ақорданың твиттер парақшасында хабарланды.
«Киелі өлкеден шыққан айтулы тұлғаларды барша халқымыз жақсы біледі. Солардың бірегейі – заңғар жазушымыз, мемлекет қайраткері, қазақтың абызы атанған Әбіш Кекілбаев», – деді Мемлекет басшысы.
Сонымен қатар ол жазушының жаңадан салынып жатқан музейі туралы айтты.
«Қазір Әбіш Кекілбаев музейі салынып жатыр. Облыс әкіміне құрылыс жұмыстарын сапалы және уақтылы бітіруді тапсырамын. Мерейтойды біз тұтас ел болып, жоғары деңгейде атап өтеміз» - деді Президент.Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Президент Жаңаөзен қаласын дамыту бойынша тапсырма берді
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы