Бүгiн 2026, 08:27 Фото: Энергетика министрлігі

KEGOC қаржылық талдау үшін жаңа ЖИ-агентті іске қоспақ

2026 жыл Қазақстанда Цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жариялануына орай «KEGOC» барлық ЖИ бастамаларын бірыңғай даму бағдарламасына біріктірді.

Қазақстанның Бірыңғай электр энергетикалық жүйесінің операторы «KEGOC» АҚ жасанды интеллектіні өндірістік және әкімшілік үдерістерге кезең-кезеңімен енгізіп жатыр. Бұл бастама Энергетика министрлігінің энергетика саласын цифрлық трансформациялау бағыты аясында жүзеге асырылуда.

Компания күн сайын техникалық, қаржылық және басқарушылық ақпараттың үлкен көлемін өңдейді. Осыған байланысты жасанды интеллект қайталанатын жұмыстарды автоматтандырып, талдау сапасын жақсартып, мамандардың уақытын басқарушылық шешімдер қабылдауға бағыттауға мүмкіндік береді.

2026 жыл Қазақстанда Цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жариялануына орай «KEGOC» барлық ЖИ бастамаларын бірыңғай даму бағдарламасына біріктірді. Бағдарламаға корпоративтік сервистерді, өндірістік қызметті, электрондық құжат айналымын және ұзақмерзімді цифрлық шешімдерді қамтитын 35 жоба енгізілген. Олар «KEGOC» пен «Самұрық-Қазына» АҚ-ның жол карталары аясында іске асырылып жатыр.

Қазіргі уақытта компанияда еңбекті қорғау және өндірістік қауіпсіздік (HSE), PR және сыртқы коммуникациялар, рекрутинг, сондай-ақ ішкі нормативтік құжаттармен жұмыс істеуге арналған жасанды интеллект агенттері қолданысқа енгізілген. Олар қажетті ақпаратты іздеуге, материалдар әзірлеуге, кадрлық және әкімшілік үдерістерді сүйемелдеуге көмектеседі.

Жақын уақытта қаржылық талдау жүргізетін жаңа ЖИ-агент іске қосылады. Ол қаржылық бақылауды, деректерді шоғырландыруды және есептілікті дайындауды жеделдетіп, басқарушылық шешімдердің қабылдануын жеңілдетуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар компания қазақ және ағылшын тілдеріне аударма сервистерін, нормативтік-құқықтық актілер бойынша агентті, сатып алу жөніндегі ассистентті, валюталық операцияларды үйлестіру құралдарын және электрондық құжат айналымы жүйесіне енгізілген бірнеше ЖИ-агентті пайдаланып келеді.

Алдағы кезеңде «KEGOC» жасанды интеллектіні өндірістік талдау бағытында кеңінен қолдануды жоспарлап отыр. 2026 жылы рационализаторлық ұсыныстарды, электр энергиясы нарығын, шығындар мен ауытқуларды талдау, сондай-ақ жөндеу науқанын мониторингтеу бойынша жаңа цифрлық шешімдерді енгізу көзделген.