27 Қыркүйек 2023 2023, 12:16 Фото: - архив

KEGOC басшысы төрт есе көп айлық алатынын айтты

Ол басшылық ететін кәсіпорын қызметкерлерінің орташа айлығы 400-450 мың теңге екенін айтты.

KEGOC компаниясының басқарма төрағасы Нәби Айтжанов айлығын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Самұрық-Қазынада өтіп жатқан баспасөз мәслихатында БАҚ өкілі Айтжановтан қанша айлық алатынын сұраған.

Ол басшылық ететін кәсіпорын қызметкерлерінің орташа айлығы 400-450 мың теңге болса, өз айлығы 1,9 млн теңге екенін айтады.

Айлығым 1 млн 900 мың теңге, - деп жауап берді Нәби Айтжанов.