«KEGOC» АҚ-на айыппұл салынады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті құбыр өнімдерін өндіру жөніндегі зауыттың өтініші негізінде, «KEGOC» АҚ-на қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізді, оның қорытындысы бойынша тұтынушылардың реттеліп көрсетілетін қызметке қолжетімділігі бөлігінде Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасы талаптарының бұзылуы анықталды.
Нәтижесінде, «KEGOC» АҚ-на қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 164-бабының төртінші бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды, ол субъектінің өтініші бойынша соттың қарауына берілді.
Бұл ретте, әкімшілік іс ТМРК пайдасына қаралған жағдайда, «KEGOC» АҚ-на 4 900 800 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынатынын атап өткен жөн.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы